• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2018

 Қостанай облысында 88 жастағы қария аяздан аман құтқарылды

218 рет
көрсетілді

Арқалыққа жақын, Ашутасты ауылының тұрғындарынан  түнгі сағат 00.12-де  Солтүстік өңірлік жедел-құтқару отрядының қалалық бөлімшесіне дабыл келіп түседі.  Қаладағы келесі көшеге баруға шығып кеткен  88 жастағы қарияны туыстары таппай қалған. Ол өзі баратын Мичурин көшесіндегі 22 -1 үйге жетпеген.

Қарияны іздеуге "Марш-Бронто" деп  аталатын УАЗ жүрдек көлігімен жеті адам іздеуге шыққан. Құтқарушылар отряды кәрі кісі барады-ау деген өңірді түгел сүзіп шығады. Қария адасып, өзінің үйінен екі шақырымдай жерде әбден әлсіреп, қарға батып тұрған жерінен табылды. Құтқарушылар қарияны туыстарына әкеліп берді. Медицина қызметкерлері шала-шұрпы үсік шалған қартты ауруханаға  алып кетті.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ

«Егемен Қазақстан»

Арқалық